Ұйымдар тізімі
Бүгін мектебімізде «Балалар әдебиеті- рухани тәрбиенің бастауы» атты онкүндік өз мәресіне жетті. Он күн бойы оқушылар кітапқа, оқуға және рухани құндылықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған танымдық, шығармашылық және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты. Бұл онкүндік мектеп өміріндегі мазмұнды да жарқын шаралардың біріне айналып, оқушыларға жаңа білім, ерекше әсер мен шабыт сыйлады.
Онкүндік қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар қызығушылығы, шығармашылық көзқарасы және белсенділігі үшін грамоталармен марапатталды. Онкүндіктің өтуіне қолдау көрсетіп, белсенділік танытқан педагогтерге, оқушыларға және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Кітапқа, оқуға және білімге деген сүйіспеншілік балаларымыздың жүрегінен әрдайым орын алсын.
Кітапханашы: Шокаева С.О.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні