"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23 сәуір - Ұлттық кітап күні.

23 сәуір - Ұлттық кітап күні.
Бұл күнтізбедегі жай ғана дата емес, сөздің, шығармашылықтың және шабыттың мерекесі.
Осы атаулы күн аясында мектебімізде «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және рухани мұрасын танытатын белгілі авторлардың шығармалары қойылды.
Көрменің мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, балаларды ұлттық мәдениет пен дәстүрге баулу, туған елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Осындай шаралар оқырмандық мәдениетті дамытып, танымдық қызығушылықты оятып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуына ықпал етеді.
Кітапханашы: Шокаева С.О.


Текст