Текст
«Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес «Аға қамқорлығы» бағытындағы «Ағаның сәні – інімен» тақырыбы бойынша ағалық ақыл-кеңес, тәлім –тәрбие мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығы,ағаның інісіне қамқорлығы, бауырдың ағасына құрметі туралы түсіндірілді. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі,ер-азамат – ата-ананың қолғанаты болып саналады,сондықтан отбасындағы ер баланың орны төрде екені айтылды. Шарамыздың соңы қонақтарымыздан қонақ кәде сұралып әдемі күймен аяқталды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Шаймерденова С.Л., Тлеулинова Г.Б.