"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап және цифрлық әлем»

Мектеп кітапханасының оқу залында оқуға деген қызығушылықты арттыруға және қазіргі заманда көркем әдебиетті саналы түрде қабылдауға бағытталған «Кітап және цифрлық әлем» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушы Штель Наталья Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» атты оқыған кітабын таныстырды. Ол шығарма туралы өз әсерімен бөлісіп, оның терең мағынасына, өзгеше сюжеттік желісіне және кейіпкерлер образдарының айқындығына тоқталды. Наталья бұл кітаптың адам өмірі, адамгершілік құндылықтар, жады, достық пен адам тағдыры туралы терең ойға жетелейтінін ерекше атап өтті.
Жас оқырман бұл шығарманы баршаға оқуға шын жүректен ұсынды, өйткені бұл кітап оқырманға ерекше әсер қалдырады.
Кітап цифрлық дәуірде де білімнің, терең ойдың және рухани дамудың маңызды қайнар көзі болып қала береді.

Кітапханашы: Шокаева С.О.


Текст