11 желтоқсанда «Болашақ» шағын орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Менің халқымның тарихы» атты тақырыптық сабақ өтті.
Мақсаты: туған жердің құндылығы мен сұлулығы туралы ұғымды кеңейту; өз елінің өткеніне, бүгініне деген қызығушылықты дамыту, Отанымыздың батырларымен таныстыру. Алған білімдері мен дағдыларын бекіту, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзін-өзі тану.
Эмоционалды салаға әсер ете отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға достық, сезімталдық, музыка, көркем сөз, музыкалық-ырғақты қозғалыстар, ұлттық ойындар арқылы өзара көмек сияқты қасиеттерді сіңіруге ықпал ету. Өз халқына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақ барысында балалар өз халқының тарихымен танысты, «Бәйге» , «Көрінбейтін тақия» сияқты ойындар ойнады, мектеп мұражайына шағын экскурсия жасады. Әңгіме «Менің Қазақстаным» суреттер байқауымен аяқталды.
Шағын орталықтың тәрбиешісі: Григоренко Т. В.