Текст
Ойыншық қиялды дамытады, белсенділік пен танымға итермелейді, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды имитациялауға мүмкіндік береді, балаларды біріктіреді және әлеуметтік дамуына жауапты.
25 мамырдан бастап 1-5 сынып оқушылары үшін «Жазғы демалыс алдындағы 6 қызықты күн» челленджі жарияланды. Бірінші күн – ойыншықтар күні. Сабақта көңілді тапсырмалар болды: дене шынықтыру сабағында спорттық эстафета, цифрлық сауаттылық сабағында бағдарлама арқылы «Сүйікті ойыншықтың суретін сал», негізгі пәндер бойынша сабақтарда «Мен ойнай отырып оқимын». балалар осындай бейресми сабақтардан жағымды эмоциялық әсер алды.
Әлеуметтік педагог: Анапина Р.А