"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Парасаттылық сағаты «Төле би-адалдық пен әділдіктің негізін қалаушы»

    15 наурызда 2-3 сынып оқушылары үшін ұлы Төле бидің өнегелі өмірі мен өсиеттері, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша «Төле би-адалдық пен әділдіктің негізін қалаушы» парасаттылық сағаты өткізілді.

Іс-шара қазақ халқының шешендік өнеріне зор үлес қосқан, ел бірлігін нығайтқан ойшыл Төле би туралы бейнероликті көруден басталды. Ол жаман қасиеттерден аулақ болуға, еңбекқор болуға шақырады: «Жастардың басты жауы – жалқаулық, орташа – ұйқы, ал ең кішісі – Тіл алмаушылық».

Қорытындылай келе, оқушылар ата-бабамыз Төле бидің игі істері, даналығы мен тапқырлығы, оның әділ шешімдері елге қызмет еткісі келетін әрбір азамат үшін үлгі болуы керек деген қорытынды жасады.

  

Глущич Л.В.,  Сенн Е.В.

 

     «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы  кезекті  адалдық сағаты/

    17 наурызда  күні 7 сыныпта  «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбында кезекті  адалдық сағаты  өткізілді.

Адалдық сағатының мақсаты мен міндеттері: оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру; адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды адалдыққа, әділдікке  және шынайылыққа тәрбиелеу.                

Шаймерденова С.Л.

 

 

Жаңартылған күні: 16.03.2021 15:10
Құрылған күні: 20.03.2021 22:01

Текст