27 ақпанда Новоромановка ауылының, Спасское ауылының негізгі орта білім беру мектептері мен Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің тарих және ағылшын тілі мұғалімдері үшін "Оқытуда инновацияларды енгізу арқылы білім сапасын арттыру үшін педагогикалық құзыреттілікті дамыту стратегиясы" тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Мақсаты мен міндеттері:
- білім сапасын арттыру факторы ретінде педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
- оқыту мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз ету үшін кәсіби шеберлікті, шығармашылық өсуді және өзін-өзі жүзеге асыруды арттыру мақсатында педагогтерді әдістемелік қолдау.
Семинарда 3 сұрақ қаралды:
1. «Тарихты оқытудағы тиімді әдістер мен жолдары» (жұмыс тәжірибесінен) Терзиди С.П, тарих пәнінің мұғалімі.
2. «Тарих сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту». Гуйван В. В., тарих пәнінің мұғалімі.
3. «Ағылшын тілі сабақтарында мәтінмен жұмысты ұйымдастыру» (жұмыс тәжірибесінен) Билевич С.В., ағылшын тілі мұғалімі.