Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары аясында 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект - табысты тұлғаның негізі".
Ата-аналардың жағымды эмоционалды көңіл-күйі үшін мектеп психологы С.А. Вознюк "Біздің есімдеріміз"атты тренинг өткізді.
Сынып жетекшісі Сергеева Н.О.1 минут ішінде стикерге өз эмоцияларын нақты ештеңе, тек сызықтар, пішіндер, түрлі түстер бейнелемей салуды ұсынды. Сабақтың барлық қатысушылары қандай эмоцияларды бейнелегенін білуге тырысты. Эмоционалды интеллект және оның адамның өмір сапасына әсері туралы ақпарат берілді. Топтағы жұмыс барысында эмоционалды интеллекттің негізгі эмоциялары мен құрылымдық компоненттері қарастырылды: өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, эмпатия, қарым-қатынасты реттеу.
Эмоционалдық жеңілдету мақсатында мектеп психологы "Себет"тренингін өткізді. Ал мектептің әлеуметтік педагогы Найда Д.В. ата-аналарды алгоритммен және дағдарыс жағдайындағы нәтижелі мінез-құлықпен таныстырды. Ол ересек балалармен қарым-қатынас мәдениеті туралы айтты. Ата-аналарға алдын ала дайындалған жадынамалар табысталды.
Сабақ "СМС", "Хат", "Қол шапалақтау"жаттығуларымен аяқталды.
Ата-аналар балаларына ең жылы сөздермен хабарлама жазды. Ал, жауап ретінде мектеп психологы оларға қатысушылардың барлығына әсер еткен балалардан хаттар таратты. Бұл ең шынайы, жүректен шыққан эмоциялар болды!!!
Тек тығыз ынтымақтастықта мектеп + ата-аналар, білім беру процесі тиімдірек бола алады.
11 сынып жетекшісі Сергеева Н.О.
Мектеп психологы Вознюк С. А.
Мектептің әлеуметтік педагогы НайдаД. В.