Салауатты өмір салты бүгінгі күннің талабы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі жастар арасында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайтын, зиянды әдеттерден арылу, сол арқылы жасөспірімдерде қоғамға жат әрекеттерге араласуға жол бермейтін жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерді қалыптастыратын іс-шараларды қамтиды.
Осындай шаралардың бірі «Зиянды әдеттер әзілмен және шындап!» отбасылық клубта 14-15 ақпан аралығында 6-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.Бұл іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу.Осы іс-шарада оқушылар темекі шегу және электронды темекі мәселесі бойынша ақпараттармен және статистикалық мәліметтермен танысты. Электрондық темекі құрамында зиянды заттар, никотиннен басқа, оның ішінде тыныс алу жүйесіне кері әсер ететін заттар, канцерогендік деп саналатын, яғни қатерлі ісік тудыруы мүмкін заттар.Оқушылар салауатты өмір салтын сақтаудың нұсқаларын, жаман әдеттерден бас тарту жолдарын ұсынды.
Әлеуметтік педагог: Анапина Р.А.