Текст
"Эрудит" дебат клубының жұмыс жоспарына сәйкес, "Адал азамат – Адал еңбек" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 19 қыркүйекте "Сыбайлас жемқорлық. Қолдаймын немесе қарсы?" балаларға таныс емес LD BATTLE (Линкольн-Дуглас) форматында пікірсайыс өтті. Мақсаты құқықтық сананы тәрбиелеу және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Ойын барысында пікірсайысшылар тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, өз пікірлерін қорғады, әртүрлі ақпарат көздерден білген мысалдарын келтірді.
Пікір сайыс клубының жетекшісі: Найда Д.В.