Ата-аналар жиналысы

Көктемгі демалыс қарсаңында 4 сынып оқушыларының ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер тұрды:

– 2022-2023 оқу жылының 3 тоқсанындағы оқушылардың үлгерімінің қорытындысы;

- Көктемгі демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі;

- Әр түрлі.

Осы мәселелерді талқылау барысында келесі ШЕШІМДЕР қабылданды:

- Мұздың еруі және көктемгі су тасқыны кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын бақылауды жүзеге асыру. Оқушылармен үйде, көшеде, қоғамдық орындарда мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы әңгіме жүргізу. 

- Жалпы білім беру пәндерін оқу кезінде балаларға көмек және қолдау көрсету.

4 сынып жетекшісі: Сенн Е. В.