Текст
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары аясында "Даналық мектебі" клубының "Жеңге кеңесі" секциясының "Қыз ғұмырдың құпиялары" тақырыбында іс-шара өткізілді. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс–тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу жөнінде терең мағыналы әңгіме жүргізілді. Ата-аналарға сұрақтар қойылып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Шаймерденова С.Л., Тлеулинова Г.Б.