Текст
«Алғыс күні» мерекесі аясында 28 ақпанда Отбасылық клубтың «Отбасылық өмірдің мәні, оның рухани – адамгершілік негіздері» атты отырысы өтті.
Отырыс барысында қатысушылар отбасылық өмірдің адамгершілікнегіздері туралы айтып, отбасылық тәрбиенің жоғары құндылығы туралы өз пікірлерін білдірді. Отбасы мүшелерінің атауы бойынша топтарға бөлініп, ата-аналар ұсынған өмірлік жағдайларды талдап, оларды сахналады, тренингтерге қатысып, «Идеалды отбасы» тақырыбына кластер құрды. Жиналыс соңында «Таразы» рефлексиясы өткізіліп, ата-аналарға отбасылық тәрбиенің өсиеттері берілді.
Кездесу оң толқында өтті және тек жағымды эмоциялар қалдырды.
Дайындаған мұғалімдер: Тлеулинова Г. Б., Брестель И. В., Глущич Л. В.