Күйзелістен шығар жол

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары аясында 10-11 сынып ата-аналарымен «Күйзелістен шығар жол», ата-аналар жиналысы  өтті.

Мақсаты: ата-аналардың күйзеліске  қарсы тұру және баласына осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.

Ата-аналар жиналысының барысында мектебіміздің психологы Вознюк С.А. ата-аналармен күйзелістен шығу жолдары атты тренинг өткізді.  Сонымен қатар,ата-аналар топта жұмыс істеді, әртүрлі тапсырмаларды орындады, бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама алынды.

 Психолог: Вознюк С.А.

 Сынып жетекші: Шаймерденова С.Л.