Ұйымдар тізімі
«Адал Азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында «Баланың жеке қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.Іс-шараның басында «Амандасу» атты көңілді сергіту сәті ұйымдастырылып, ол жылы әрі сенімді атмосфера қалыптастыруға ықпал етті. «Микрофон» әдісі арқылы ата-аналар өз ойларымен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, талқылауға белсенді қатысты. Қауіпсіздік туралы ертегі ерекше қызығушылық тудырып, бала қауіпсіздігін сақтаудың маңызды ережелерін түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік берді.
Кездесу барысында зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері, қауіп-қатер белгілері және олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Ата-аналарға балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке шекараны сақтау және отбасында сенімді қарым-қатынас орнату бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Іс-шара мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, ата-аналардың белсенді қызығушылығын тудырды және балалар қауіпсіздігі мәселесінде отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығын айқындады.
Бастауыш сынып мұғалімдері
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні