Текст
«Оқу мектебі» жобасы аясында 3-сынып оқушыларымен «Өмір сүру – кітаппен дос болу» атты әңгіме өткізілді. Әңгімелесу барысында балалар кітап шығаруды, басып шығаруды және кітапты жасауды үйренді. Кітаппен жұмыс жасау туралы жадынама оқып, кітап туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар айттық, кітаптардан сүйікті кейіпкерлерімізді суреттеп, жұмбақтар шештік. Оқушылармен өткізілген іс-шара қызықты да көңілді өтті.
Кітапханашы: Шоқаева С.О.