Текст
25 қаңтарда 8-10 сынып оқушылары арасында «Тіл дарын» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Сайыс келесі тақырыптар бойынша 9 тапсырманы қамтыды:
,,Полиглот», «Мәдениеттану», ,,Этнотану, «Үздік каллиграф», «Түйіндеу», «Диалог», «Жас ақын», «Мәнерлеп оқу» Әр сайысты 5-10 балдық ұпай саны аралығында қазылар алқасы бағалады.Байқауға қатысушыларды бағалау кезінде тілді меңгеру деңгейі, жауаптардың мазмұны, сөйлеу мәдениеті, орфоэпиялық сауаттылығы ескерілді.
Байқаудың қорытындысы шығарылып,аудандық байқауға қатысатын үздік оқушылар таңдалды.Оларға аудандық турда жеңіске жетулеріне тілектеспіз.