Текст
"Біртұтас тәрбие бағдарламасын" бойынша, "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық кампаниясын іске асыру шеңберінде КҚКО жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, оқушыларды тәрбиелеу мақсатында «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында 10 сынып оқушыларының ата-аналармен сабақтар жүргізілді.
Кездесу барысында бейнероликтер қаралып, талқыланды, әр түрлі жаттығулар мен сауалнамалар жүргізілді. Сонымен қатар, ата - аналарға қазақтың тәрбие моделінің мысалдары келтірілді. Ата-аналарға белсенді қатысқаны және позитивті болғаны үшін алғыс айтамыз.
Сынып жетекші: Шаймерденова С.Л.