12 қазанда Балкашино ауылының №1 ЖББМ базасында «Жетекші мектептердің тәжірибесінде зерттеу процесін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға білім бөлімінің әдіскерлері, директорлар, үйлестірушілер, әдістемелік бірлестік басшылары және Жетекші мектептердің жаттықтырушылары қатысты.
Семинардың бірінші бөлімінде сабақтарға қатыстық. 3 сабақ ұсынылды. Сабақ соңында мектеп директорларымен Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Төлеген Кәкімұлы жұмыс жүргізді, ол директорлармен бірге сабаққа талдау жасады. Төлеген Кәкімұлы мұғалімдердің жіберген қателіктеріне баса назар аударып, бірден ұсыныстар берді. Әрі қарай ол директорларды алдағы курстардың жаңа түрлерімен таныстырды «7+4» немесе «Мектеп командасы», «Фокустар мен стратегия». Ол сондай-ақ осы курстардың мәнін және мүмкіндігінше оларды меңгеруді түсіндірді.
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ Жетекші мектебінің директоры Анапин С. К.