Ұйымдар тізімі
09.04.26 күні педагог-психолог 2, 3, 4 сынып оқушыларымен аутизм туралы ақпаратты тарату бағдарламасы аясында «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» тақырыбында ағартушылық әңгіме өткізді.
Іс-шараның мақсаты ' 2–4 сынып оқушылары аутизм туралы мағлұмат алып, адамдардың бір-бірінен ерекшеленетініне қарамастан, барлығының тең екенін және құрметке лайық екенін түсінетін қолдаушы орта қалыптастыру.
Іс-шара барысында балалар аутизмнің белгілері мен ерекшеліктері туралы білді, сондай-ақ әртүрлі мүмкіндіктері бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын және эмпатияны дамытуға бағытталған мәліметтер алды. Бұл сыныпта және мектепте достыққа негізделген, қабылдаушы ортаның қалыптасуына ықпал етіп, қоғамдағы инклюзия мен алуан түрліліктің маңыздылығы туралы түсінікті арттыруға көмектесті.
Әңгіме барысында аутизм және оның ерекшеліктері туралы айтылды. Сондай-ақ әлемдік ғылымда осындай ерекшелігі болған данышпан тұлғалар туралы да мәлімет берілді.
Әңгіме қорытындысында оқушылар: «Барлық адамдарға мейірімділікпен, жанашырлықпен және құрметпен қарау керек» деген тұжырымға келді.
Педагог-психолог: Шипило Е. В.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні