Текст
10 сәуір күні 10-11 сынып оқушылары үшін Сандықтау ауданының "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өткізілді. Ауылдық округтің бас маманы Жұмағалиева Жаныл Қапарқызы мемлекеттік қызметшілердің жұмысы неде екенін айтып берді. Сондай-ақ, жұмыс қиындықсыз емес, өте маңызды екенін атап өтті. Бас маманның мемлекеттік қызметшілер жұмысының маңыздылығы туралы сөздері балалар үшін жақсы уәждеме болды.
Педагог-кәсібибағдаршы: Сергеева Ю.А.