"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауғанстан жанымның жарасы»

Мектеп кітапханасының оқу залында және фойесінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған «Ауғанстан жанымның жарасы» атты көрме өтті. Іс-шара Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте сақтап, оқушыларды осы тарихи оқиғамен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстандағы соғысқа 22 000-ға жуық қазақстандық қатысты. Олардың басым бөлігі небәрі 18 жастағы жас жігіттер еді. Мектеп партасынан енді ғана түлеп ұшқан бозбалалар Отан алдындағы борышын өтеп, соғыстың ауыртпалығын бастан кешті. Өкінішке қарай, олардың 947-сі туған жеріне оралмады, ал 1 770-і түрлі жарақат алды.Көрме Ауған соғысының 10 жылға созылып, Қазақстан тарихында терең із қалдырғанын айқындады. Біз сол қыршын кеткен ұлдарды ұмытпауымыз керек және қан майданнан аман оралған ардагерлерімізге құрмет білдіру – біздің парызымыз.


Кітапханашы Шокaева С.О.

Жаңартылған күні: 13.02.2025 14:02
Құрылған күні: 13.02.2025 14:02

Текст