Мектебіміздің педагог-психологы жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг элементтерімен өткізілген ата-аналар жиналысын ұйымдастырды. Кездесу маңызды тақырыпқа арналды - «Емтихан кезеңінде баланы қалай қолдау керек?» Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдер үшін күйзеліске толы кезеңде ата-аналық қолдаудың деңгейін арттыру.Біз бірге талқыладық:
• үйде қауіпсіздік пен түсіністік атмосферасын қалай құруға болады;
• баланы уайымдатпай, қалай дұрыс мотивация беру керек;
• бүкіл отбасы үшін күйзеліс деңгейін төмендетуге қандай әдістер көмектеседі.
Ата-аналарға белсенді қатысқандары мен қызығушылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз!
Ересектердің қолдауы -балаларымыздың сенімі мен табысының кепілі.
Педагог-психологы : Сироткина Л.А