Текст
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру мақсатында 5-сыныпта «Адал болу» сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның басында сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме – презентация өткізілді, оның барысында балалар сыбайлас жемқорлық құбылысымен танысты: мәні, себептері мен салдары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз» бейнеролигін тамашалады. Бейнероликтен кейін балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап берді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нысандарын талқылады, содан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін білдіретін плакат салды.
Сынып жетекшісі: Тлеулинова Г.Б.