Мектеп кітапханасының оқу залында «Оқуға жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған басылымдарға назар аударып қана қоймай, сонымен бірге эмоция тудырып, оқырманды кітапты қабылдауға ынталандыруы керек.
Кітапханашы шараны мазмұнды өткізуге тырысты. Кітапханашы ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, ал балалар әрқайсысы кезекпен 2-3 сөйлеммен айтып берді, балалардың қайталауы нашар болса, сұрақтар қойылып, көмекке суреттер қолданылды. Келесі кезекте балаларды дауысты оқулар күтіп тұрды. Шара соңында балалар ертегі кейіпкерлердің суретін салды.
Шараға қатысушылар кітап өте маңызды өмірлік қасиеттерге – достық пен өзара көмекке үйретеді деген ортақ пікірге келді. Кітап еңбекке құлшыныс пен еңбекқорлықтың не үшін қажет екенін түсіндіреді, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа үйретеді, сонымен қатар ертегі қорқынышты жеңуге және абайсыздықтың кейде қауіпті екенін көрсетеді.
Кітапханашы: Шокаева С.О.