Текст
14 ақпанда 6 сынып оқушыларымен "Мамандықтар және мен" кәсіптік бағдар беру сабағы өткізілді. Бұл сабақ көптеген мамандықтар, олардың ерекшеліктері, талаптары мен келешегі туралы білуге көмектеседі. Сабақ сергіту сәтінен басталды, онда оқушылар түрлі әріптерден басталатын мамандық атауларын еске алды. "Өмірдегі бір күн", "Кәсіптер тізбегі" сияқты жаттығулар ұсынылды. Сабақ қызықты "Пантомима" ойынымен аяқталды.