24 қараша күні 3-сыныпта бастауыш сыныптардың «Білім тербелісі» апталығының жоспары бойынша ашық сабақ өтті. «Тік төртбұрыш пен шаршының ауданы. Қазақтар ежелгі дәуірде ауданды қалай өлшеген.» Сабақтың мақсаты: аудан туралы түсінік қалыптастыру,геометриялық фигуралардың аудандарын әртүрлі тәсілдермен салыстыруға үйрету: « алақанмен өлшеу», бір фигураны екінші фигураны үстіне қою, бірдей көлемдегі ұяшықтарды санау, палетка арқылы аумақтар есептеуді үйрету.Топпен, жұппен, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамытуды жалғастыру.
Жұмыстың көлемі өте үлкен болды.Сабақтағы іс-әрекет түрлері әртүрлі және қызықты өтті.Қызықты нәрсе жақсырақ үйретеді, ал қызықтысы адамды баурап алатыны белгілі! Ал баурап алатын нәрсе ешқашан жалықтырмайды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Анапина Р.А.