«Аға ұрпақ — даналық пен өнеге»
Бүгін «Аға ұрпақ — даналық пен өнеге» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Әңгіме өте шынайы әрі жылы өрбіді. Оқушылар әжелеріміз бен аталарымыздың өмірімізде қаншалықты маңызды орын алатыны, олардың бай өмірлік тәжірибесі мен олардан не үйренуге болатыны туралы айтты. Ғасырлар бойы сақталған дәстүрлер, мейірімділік, төзімділік және кез келген тығырықтан жол таба білу қасиеттері — бізді шабыттандырып, ой салады.
9-11 сынып жетекшілері