Дебаты
Мектебімізде «Патриотизм табиғатқа қамқорлық жасаудан басталады» тақырыбында өзекті пікірсайыс өтті.
Пікірсайысқа қатысушылар нағыз отаншыл азамат болудың мәнін қызу талқылап, өз ойларымен бөлісті, дәлелдер келтіріп, өз көзқарастарын қорғады.
Пікірталас барысында оқушылар маңызды тұжырымға келді: Отанға деген сүйіспеншілік тек сөзбен ғана емес, нақты істермен де көрінеді. Ол- табиғатты аялау, туған ауылдың тазалығын сақтау, туған жерге қамқорлық жасау және қоршаған ортаны келер ұрпақ үшін қорғау.
Өйткені патриотизм кішкентай істерден басталады: қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, туған өлкенің тазалығын сақтау және өз ісіңмен өзгелерге үлгі болу!
Таза табиғат- ел мақтанышы! Отанға деген сүйіспеншілік өзімізден басталады!
«Эрудит» пікірсайыс клубы