«Сен өз Қазақстаныңды білесің бе?»
«Сен өз Қазақстаныңды білесің бе?»
Мектеп кітапханасының оқу залында тарихқа, географияға, мәдениетке, салт-дәстүрге және еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған «Сен өз Қазақстаныңды білесің бе?» атты танымдық викторина өтті.Интеллектуалдыойын барысында оқушылар өз білімдерін тексеріп, ой-өрістерін кеңейтіп, Қазақстан туралы көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, танымдық материалдармен танысты.
Осындай іс-шаралар оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға, туған Отанына деген мақтаныш сезімін арттыруға, ел тарихы мен мәдени мұрасына құрметпен қарауға ықпал етеді.
Кітапханашы: Шокаева С.О.