Сандық сағат
«Адал азамат» тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында бастауыш сыныптарда цифрлық ортадағы құқықтар мен жауапкершілік, табиғатты аялау, жол қозғалысы ережелері және интернеттегі жеке қауіпсіздікке арналған тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар өмірлік жағдаяттарды талқылап, маңызды ережелерді қайталады, ықтимал қауіптерді ажыратып, қауіпсіз әрі жауапты шешім қабылдауды үйренді. Сабақ соңында оқушылар алған білімдерін шығармашылық жұмыстар мен суреттер арқылы бекітіп, өз түсініктерін көрсетті.
Бастауыш сынып мұғалімі: Анапина Р.А.