Мектеп Президентін сайлау

Қазіргі таңда мектебімізде Мектеп Президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Бұл - үміткерлердің өздерінің батыл идеялары мен тың бастамаларын ұсынып, көшбасшылық қабілеттерін танытып, мектеп өміріне қатысты өз ұсыныстарымен бөлісетін маңызды кезеңі.
Әрбір үміткер өз бағдарламасын таныстырып, оқушылардың қолдауына ие болуға ұмтылуда. Алда қызықты кездесулер, пікір алмасулар мен түрлі іс-шаралар күтілуде.
Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!