Сайлау

Біздің мектебімізде сайлау науқаны жалғасуда!
Мектеп Президенттігіне үміткер Наталья Штель сайлауалды үгіт жұмыстарын белсенді жүргізіп, оқушылармен кездесіп, өз идеялары мен жоспарларын ортаға салуда. Ең бастысы, ол әрбір оқушыны белсенді болуға және мектеп өміріне бейжай қарамауға шақырады!
«Мен әрбір оқушының дауысы ескерілгенін қалаймын!»
Наталья мектеп өмірін бірге жақсартуды ұсынады. Ол қызықты іс-шаралар, тың бастамалар, шығармашылық, өзара қарым-қатынас пен игі істерге толы мектеп ортасын қалыптастыруды мақсат етеді.
Сенің дауысың - сенің таңдауың!
Өз таңдауыңды жаса! Өзің сенім артатын үміткерге дауыс бер!