«Зерделі ұлт»

«Зерделі ұлт» тақырыбында әңгіме өткізу туралы есеп
Мектеп кітапханасының оқу залында 7 сынып оқушыларымен «Зерделі ұлт» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.
Әңгіме барысында оқушылар кітап оқуды ұнататын, жаңа нәрселерді білуге, ой-өрісін кеңейтуге және кітап арқылы білімін жетілдіруге ұмтылатын оқырмандарды біріктіретін «Зерделі ұлт» республикалық марафонымен танысты.
Оқушыларға марафонға қатысу ережелері мен ұсынылған әдебиеттер тізімі таныстырылды. Оларға кітаптарды таңдап оқып, алған әсерлерімен және қысқаша пікірлерімен бөлісу, сондай-ақ өз үлгісі арқылы өзгелерді кітап оқуға ынталандыру ұсынылды.
Марафонның негізгі мақсаты-кітап оқуды балалар мен ересектерді біріктіретін жақсы әрі пайдалы әдетке айналдыру.
Оқы. Зертте. Бөліс!
Кітап әрқайсымыз үшін жаңа білімнің, қызықты жаңалықтар мен шабыттың қайнар көзі болсын!

Кітапханашы: Шокаева С.О.