«Таза Қазақстан»
Біздің мектебімізде табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға, туған өлкенің тазалығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы өтті.
Оқушылар бірлесе отырып, мектеп аумағын тазалауға шықты. Олар мектеп ауласын ретке келтіріп, қоқыстарды жинады, аумақты қураған бұтақтар мен түскен жапырақтардан тазартты.
Акция барысында оқушылар туған өлкенің тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсініп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін көрсетті.