«Дүниежүзілік мектеп форматы»

Мектеп Парламентінің жұмысы аясында оқушыларға жаңа формат - «Дүниежүзілік мектеп форматы» таныстырылды.
Қатысушылар аталған форматтың ерекшеліктерімен, пікірсайыс құрылымымен, сөз сөйлеу ережелерімен және рөлдердің бөліну тәртібімен танысты.
Кездесу барысында оқушылар шағын практикалық тапсырмаларды орындап, өз мүмкіндіктерін сынап көрді.
Кездесу белсенді әрі қызықты өтті. Алда оқушыларымызды жаңа тақырыптар, жарқын сөз сөйлеулер мен жеңістер күтеді деп сенеміз!

Аға тәлімгер Штель С.Я.