«Буллингке жол жоқ: құрмет, қолдау, қауіпсіздік»

6 сынып оқушыларымен «Буллингке жол жоқ: құрмет, қолдау, қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме өткізілді. Оқушылар буллингтің не екенін талқылап, бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығы және мектеп ұжымында достық қарым-қатынас пен қауіпсіз орта қалыптастыру туралы ой бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар тақырыптық карточкалармен жұмыс істеп, түрлі өмірлік жағдаяттарды талдап, «Мұндай жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керек?» деген сұраққа жауап іздеді. Олар ренжітуге тап болған адамға қалай қолдау көрсету керектігін, неліктен бейжай қалуға болмайтынын және көмек алу үшін кімге жүгінуге болатынын талқылады.

Әлеуметтік педагог: Сергеева Ю.А.