«Цифрлық әлем: қауіпсіздік жауапкершіліктен басталады»

«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру және тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 5-6 сыныптарда «Цифрлық әлем: қауіпсіздік жауапкершіліктен басталады» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Оқушылар интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, жеке деректерді қорғауды, цифрлық әдепті және ақпараттық ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануды талқылады.
Сынып сағаты барысында оқушылар әртүрлі жағдайларды қарастырып, цифрлық ортада өзін дұрыс ұстау жолдарын анықтады.
Жауапкершілік, адалдық, құрмет және саналылық құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Сынып сағаты оқушылардың цифрлық әлемдегі қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Жауапты: Михайлёва Т.В.