«Күшті Қазақстан - өркендеген ел»
Мектеп кітапханасының оқу залында 8 -сынып оқушыларына арналған «Күшті Қазақстан - өркендеген ел» тақырыбында әңгіме өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар қазіргі Қазақстанның жетістіктері, қалалардың дамуы, тұрғын үй құрылысы, ұлттық дәстүрлерді сақтау және елдің өркендеуіндегі әр адамның рөлі туралы пікір алмасты. Әр азаматтың Қазақстанның дамуына қосатын үлесіне ерекше назар аударылды.Практикалық бөлімде викторина ұйымдастырылып, оқушылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, жетістіктері мен құндылықтары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті және өз пікірлерін білдірді.
Кітапханашы: Шокаева С.О.