«Еңбек - жетістік негізі»

«Еңбек-жетістік негізі» тақырыбында сынып сағатын өткізу туралы есеп

Бастауыш сыныптарда «Еңбек - жетістік негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылармен еңбектің адам өміріндегі маңызы, еңбекқорлық, жауапкершілік және әртүрлі мамандық иелерін құрметтеу туралы әңгіме жүргізілді.
Сынып сағатында қарт адамдардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесіне ерекше назар аударылып, Қарттар күні туралы айтылды. Үлкендерді құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету, көңіл бөлу және алғыс білдіру қажеттілігі түсіндірілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар «Үлкендерді құрметте» мультфильмін тамашалап, оның мазмұнын талқылады. Оқушылар қарт адамдарға мейірімділікпен және құрметпен қараудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады.
Соңында оқушылар еңбек, құрмет және үлкендерге қамқорлық тақырыптарында суреттер салды.
Бастауыш сынып мұғалімдері