«Ел тарихы – менің тарихым»
Мектеп кітапханасының оқу залында жоғары буын оқушыларымен «Ел тарихы – менің тарихым» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.
Әңгіме барысында оқушылар тарихтың әр адамның өміріндегі маңызын талқылап, Отанға деген сүйіспеншілік, тарихи мұраға құрмет және елдің болашағына деген жауапкершілік туралы пікір алмасты. Әр адамның тағдыры өз мемлекетінің өткенімен, бүгінімен және болашағымен тығыз байланысты екеніне ерекше назар аударылды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан тарихы мен туған өлке туралы өз білімдерімен бөлісті, Отан туралы өлеңдерден үзінділер оқыды.Осы шара оқушылардың елдің тарихи туралы білімдерін кеңейтуге, патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін және туған еліне деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
Кітапханашы: Шокаева С.О.