Мектеп жанындағы учаскедегі жұмыс

Әдемі, жақсы ұсталған мектеп учаскесі мектеп оқушыларында эстетикалық сезімдерді, туған табиғатқа және ауылшаруашылық еңбегіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

26-30 маусым аралығында мектеп жанындағы учаскеде кезекшілік кестесіне сәйкес 1-5 сынып оқушылары кезекшілік атқарды.

Жұмыс басталар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.

Апта ішінде келесі жұмыс түрлері орындалды:

- бөлме өсімдіктері суарылды;

- көкөністер арамшөптерден тазартылды;

- жылыжайдағы көкөністер арамшөптерден тазартылды;

- картоп алқабы арамшөптерден тазартылды.

Жауапты мұғалім: Вознюк С. А.