Ұйымдар тізімі
«Заң және менің құқықтарым»
Оқушыларда Қазақстан Республикасының заңдары мен баланың құқықтары туралы түсінік қалыптастыру, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарауды тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында 4-сыныпта «Заң және менің құқықтарым» тақырыбында интерактивті сабақ өтті.Сабақтың басында балалар «заң» дегеніміз не және оның қоғамға не үшін қажет екенін анықтады. Кейін оқушылар Бала құқықтары туралы конвенцияда және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген баланың негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысты.Білімді бекіту мақсатында оқушылар «Дұрыс -бұрыс» ойыны мен «Мен өз құқықтарымды білемін» викторинасына қатысты. Балалар күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, адамның құқықтары бұзылуы мүмкін жағдайларды ажыратуға және мұндай кезде қалай әрекет ету керектігін талқылады.
Бастауыш сынып мұғалімі Шипило Т.А.
Төлегенов Айбек, біздің мектептің...