Көркем еңбек, Музыка, Дене шынықтыру және АӘД онкүндігі
Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және АӘД онкүндігінің ашылуы жарқын әрі әсерлі өтті!
Оқушылар «Затты тап» және «Сөзсіз көрсет» атты қызықты интерактивті ойындарға белсене қатысты. Ойын барысында оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін, шапшаңдықтарын және ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Әсіресе, іс-шараның соңындағы көңілді қорытынды үндеу ерекше әсер қалдырды. Бүкіл зал бірлесе отырып, жаңа мүмкіндіктерге, жетістіктерге және жеңістерге дайын екендіктерін көрсетті!
Алда оқушыларды қызықты шығармашылық, музыкалық және спорттық іс-шаралар күтуде.
Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер және жаңа жетістіктер тілейміз!
Онкүндік әр оқушыға өз талантын танытып, жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік берсін!