Текст
Ұйымдар тізімі
Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектеп ауласын қардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға ұстаздар, оқушылар және мектеп қызметкерлері белсене қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін арттыру және туған жерге деген қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Бірлескен еңбектің нәтижесінде мектеп ауласы қардан тазартылып, қауіпсіз әрі таза орта қалыптасты. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні