Текст
26 маусым мен 5 шілде аралығында мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес Приозерное ОМ жанындағы учаскесінде 1-7 сынып оқушылары оқу тәжірибесінен өтті. Бірінші күні учаскеде жұмыс басталар алдында оқушылармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Учаскеде тәжірибеден өту кезеңінде балалар келесі жұмыс түрлерін атқарды: гүл егілген гүлзарларды, жолдарды, көкөністер отырғызылған жүйектерді, картоп алқаптарын арам шөптен тазартты, гүлзарларды, жүйектерді және мектеп кабинеттеріндегі гүлдерді суарды.
Тлеулинова Г.Б.