Ұйымдар тізімі
10 мен 11 сыныптарда «Буллингтен қорғану! Өзіңе және өзгелерге жауапкершілік.» атты тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан және «Достық жібі» жаттығуынан басталып, оқушыларға сенімді атмосфера қалыптастыруға және жұмысқа бейімделуге көмектесті.Одан кейін Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлеріне арналған қауіпсіздік сабағы өткізілді. Оқушылар негізгі қызметтердің нөмірлерін және диспетчерге дұрыс жүгіну ережелерін қайталап шықты.
Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар «Өз-өзіне қатынас», «Айна» сияқты психологиялық жаттығулар орындап, топпен «Басқаларға арналған ережелер» тапсырмасын талқылады. Олар жеке шекаралардың маңызын, құрмет пен позитивті қарым-қатынастың қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастырудағы рөлі мен жауапкершілігі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Сабақ барысында медиация тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар қақтығыстарды шешудегі делдалдықтың негізгі қағидаларымен танысып, «Татуластырушы бейнесі» жаттығуын орындады. Одан кейін мектеп медиациясын енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Тәрбие сағаты буллингтің алдын алу бойынша жобалық жұмыстарға арналған идеяларды құруға бағытталған миға шабуылмен аяқталды.
Сынып жетекшісі: Кравченко Л.В.
Төлегенов Айбек, біздің мектептің...