Ұйымдар тізімі
«Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
Қызметті онлайн алу жолы:
1. Порталда авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына өту.
2. Өтінімді толтырып, оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) не смс-құпиясөз арқылы қол қою (ол үшін міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет).
3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу.
Қызметті алу тәртібі (қажетті құжаттар):
Портал арқылы:
1. Қызмет алушының өтініші.
Қағаз түрінде:
1. Қызмет алушының өтініші;
2. Қабылданғаны туралы кету талоны (Қазақстан Республикасынан тыс жерге кететін білім алушыларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуды растайтын құжат ұсынады);
3. Білім алушының жеке ісі.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ
Портал арқылы:
Қызмет алушының «жеке кабинетіне» білім алушыны бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауыстыру туралы хабарлама келеді. Онда Т.А.Ә. (бар болса), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефоны, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурсы)) көрсетіледі. Хабарламаға қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңба қояды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап жолданады.
Қағаз жеткізгіште:
Қызмет көрсетуші білім алушы оқудан шығатын білім беру ұйымына ұсыну үшін қабылданғаны туралы кету талонын береді немесе негіздер болған жағдайда дәлелді бас тарту ұсынып, өтініштерді және (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы белгіленген нысанда қолхат береді.
Қабылданғаны туралы кету талоны 3 жұмыс күні ішінде жарамды.
Білім алушы шығатын қызмет көрсетуші қабылданғаны туралы кету талоны негізінде қызмет алушыға білім алушының оқудан шыққаны туралы кету талонын және оның жеке ісін береді.
Қызмет алушы құжаттарды (жеке істі) білім алушы келіп түсетін қызмет көрсетушіге ұсынады. Қызмет көрсетушілер орта білім беру ұйымына білім алушыны қабылдау/шығару туралы бұйрықтар шығарып, салыстыру жұмысын жүргізеді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні