Текст
Бүгін мектеп парламентінің отырысы болып өтті. Жиында кейбір фракциялар құрамын жаңарту мәселелері қаралып, қыркүйек-қазан айларына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.Парламент мүшелері алдағы акциялар, байқаулар мен жобаларды талқылап, олардың мектеп өмірін жандандыруға, оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға және ұжымдағы достық ахуалды нығайтуға бағытталатынын атап өтті.Отырыстың барысы іскерлік әрі нәтижелі жағдайда өтті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екендерін көрсетті. Қабылданған шешімдер алдағы айларда мектептегі маңызды істердің табысты жүзеге асуына негіз болады.
Мектептің аға-тәлімгері -Штель С.Я